25.12.2017, 15:02
Оқылды: 62

Боранда жоғалған тұрғын табылды

 

Boran22 желтоқсанның кешінде Ақжайық аудандық төтенше жағдайлар бөліміне Тайпақ ауылдық округіндегі Томпақ елді мекенінің 1969 жылы туған тұрғыны таңертең тұрғындардың қойын жайып кеткеннен кейін үйге оралмағаны жайында хабар түседі.

Бұл күні жел күшейіп, ара-тұра бұрқасындатып, үсті-үстіне қар түскен еді. Төтенше жағдайлар қызметкерлері, құтқарушылар аталған ауылдық округтегі көптеген тұрғынмен, еңбек ұжымдары мүшелерімен, еріктілермен бірге шұғыл атқа қонады. Олар түні бойы даланы шарлайды. Абырой болғанда, қой жайып жүріп бағыттан адасқан тұрғын да, түліктерді де аман-есен. 23 желтоқсанның таңында, сағат 4-те ең бірінші Сырымбек Шойынов деген азамат Томпақтан 7 шақырым жерден, тоғай жанынан көреді. Ауылдық округ әкімі Болат Шәленов хабарлағандай, А. есімді тұрғының жағдайы жақсы.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале