2.03.2018, 14:22
Оқылды: 40

Бөрлі-Ақсай тасжолындағы жол апатынан бір адам қайтыс болды

1 наурыз, сағат 17:45 шамасында Бөрлі-Ақсай тасжолының 9-шы шақырымында Ауди А6 және Шкода Октавия көліктері соқтығысты.

Бөрлі аудандық ІІБ подполковнигі Ербол Зейновтың мәлімдеуінше, жол апаты қарсы қозғалыс жолағына жоғары жылдамдықпен шығып кеткен Ауди жүргізушісінің кесірінен болған. Бұл уақытта Шкода-Октавия патруль көлігі аталған жолда кезекшілік еткен.

Аудидің жолаушысы А. есімді 1990 жылғы, Ақсай қаласының тұрғыны ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды.

Ал инспекторлар Орал қаласындағы облыстық ауруханаға жіберілді, Ауди жүргізушісінің жағдайы қалыпты. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз тілшіміз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале