4.09.2018, 14:27
Оқылды: 82

Бөрлі ауданы мектепке дейінгі біліммен 100% қамтылды

Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №1 мектеп балабақша кешенінің жанынан 240 орындық балабақша ашылды.

Aksay detsad (6)

            -Тағы да бір балабақшаны аштық. Елбасы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажеттігін тапсырған болатын. Осы балабақшаның ашылуымен Бөрлі ауданында 3 жастан 6 жасқа дейін балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 100 пайызды құрайды. Тек бюджет қаржысына емес, жекеменшік әріптестік арқылы балабақшалар бой көтеруде. Басым көпшілігі облыс орталығында. Биыл 30-ға жуық мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа оқу жылында мектептер ашылды. Ал бұл мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясы бөлген қаражатқа салынды, - деді балабақшаның ашылуына қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Құрылысына 614 млн. теңге жұмсалған нысанның құрылысы 2017 жылдың шілде айында басталды. Мұнда бөбектер 11 топта тәрбиеленетін болады. Оның 7-уі қазақ, 4-уі орыс тілінде. Екі бөбек, бес кіші, екі орта және екі жоғары топ бар. 56 жаңа жұмыс орны ашылған. №1 мектеп балабақша кешенінің директоры Мерген Әбдіровтовтың айтуынша, бөбекжайда әлі 10 тәрбиешінің орны бос.

Заман талабына сай жабдықталған су жаңа нысанның лентасын ардагер ұстаз В.Филипова мен «КПО б.в» компаниясының бас директоры Э.Блом қиды.

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Динара КИНДЕРБАЕВА

Темирболат Токмамбетов11Aksay detsad (7) Aksay detsad (8) Aksay detsad Aksay detsad (9) Aksay detsad (4) Aksay detsad (2)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале