18.06.2018, 11:24
Оқылды: 23

Бөрлі ауданына қарасты ауылда медициналық пункт ашылды

IMG_5328Бөрлі ауданының Успен ауылында медициналық  пункт ашылды. 360 халқы бар ауыл тұрғындары енді сапалы медициналық қызмет ала алады. Ғимарат қажетті заманауи құралдармен жабдықталып, жиһаздар жаңадан алынған.

Жарты ғасыр бұрын салынған ескі ғимарат заман талабына сай келмейтін. Әрі медициналық құралдардың жоқтығынан тұрғындар аудан орталығына жие келетін еді. Енді дертіне дауа іздеген тұрғындар  қажетті көмегін ауылдан ала алады. Жаңа нысан тұрғындарды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Қант диабетіне шалдыққан  тұрғындарды бақылауда ұстайтын аппаратпен де қамтылған. Соның арқасында  емдеу ісі жеңілдей түспекші. Кең, жарық, жылы ғимаратты «KazConstructionGroup» ЖШС салып берді. Жұмсалған қаражат - 53,5 миллион теңге.

Осындай ғимарат келер аптада Кеңтүбек ауылында да ашылады. Бұл аудан медицинасының жылдан жылға жақсы дамып келе жатқанының айқын көрінісі.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале