17.03.2017, 19:17
Оқылды: 45

Бөрлі ауданында 3 діни бірлестік қызмет етеді

Батыс Қазақстан облысы Дін істер басқармасының бас маманы Мақсат Раманқұлов, облыстық дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу» орталығының басшысы Жарас Аханов бастаған топ жұмыс сапарымен Бөрлі ауданында болды.

Аудан әкімдігінің кіші залында өткен кездесуде Бөрлі ауданының діни ахуал жайында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Исмагулова баяндама жасады. Оның айтуынша, ауданда 3 діни бірлестік қызмет етеді.

- 2016 жылы бекітілген кесте бойынша барлық қалалық, селолық мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен, ауыл тұрғындарымен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп, барлығы 33970 адам қамтыған әртүрлі форматтағы 38 іс-шара өтті. Мешітке келетін жұмыссыз жастарды жұмысқа тарту мақсатында Ақсай қаласының мұсылмандар мешітінде әр аптаның жұма күндері бос жұмыс орындары туралы ақпарат жаңартылып отырады. Айта кетейін, осындай хабарламалардан кейін ресурстық орталыққа 10 жұмыссыз жас жолығып, жолдама алды, - деді А.Исмагулова.

Дін істері басқармасы жанынан құрылған топ ауданға жұмыс сапары барысында тәртіп сақшылармен де кездесті.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале