11.10.2017, 18:00
Оқылды: 19

Бөрлі ауданында 331 жұмыс орны ашылады

Бөрлі ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жұмыстар атқарылуда.

Аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Әсемгүл Ескайрованың айтуынша, қысқа мерзімді кәсіби оқу үшін республикалық бюджеттен 39 млн. 779 мың  теңге қаралған. Ауданда 228 адамды қысқа мерзімді оқыту жоспарланған болса, күні бүгін 145 адам оқуға жолданған. Ал 30 адам кәсіби оқуға жіберілген. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту да назардан тыс қалған емес. Жыл басынан бері біздің орталыққа 1897 адам жұмыс іздеуші ретінде жолыққан болатын. Жүргізілген жұмыспен қамту шараларына 1468 адам қатысты. Соның ішінде 985 адам тұрақты жұмысқа орналасса, әлеуметтік жұмыс орындарына 44 адам жолданды. Жастар практикасында 114 адам жүр. Ал қоғамдық жұмысқа тартылғаны – 288 адам. Қазіргі уақытта 274 тұрғын жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр", - дейді Әсемгүл Ескайрова.

Өткен 9 ай ішінде тіркелген заңды және жеке тұлғалармен жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ іске қосылған өндірістерді кеңейту есебінен  843 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал жоспарланғаны – 331 орын. Сонымен қатар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындары артығымен орындалған. Қазір 115 орын жұмыс жасауда.

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале