20.05.2020, 19:17
Оқылды: 164

Бөрлі ауданында балапан тегін таратылды

Көпбалалы отбасыларға мемлекеттің қамқорлығы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді тапсырған еді. Осыған байланысты облыс әкімі Ғали Есқалиевтың ұсынысымен облыстағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларына етті бағыттағы балапандар тегін таратылып, әлеуметтік көмек көрсету механизміне жаңашылдық енгізді.

6DF7AD71-CECA-461A-A41B-DA91EE168E83

Бұл қолдауды Бөрлі ауданының 100-ден астам отбасы көрді. Ауданға әкелінген 3 мың балапан 13 ауылдық округке теңдей бөлінді.

Бұл көмек отбасыларға жеке шаруашылықты дамытуға және экологиялық таза өнім алуға мүмкіндік жасамақ. Ал екінші жағы бұл болашақ бизнесті бастауға негіз болады, - дейді мамандар. Онымен қоса өсіп келе жатқан ұрпақтың еңбекқор болуына көмегін тигізетінін жеткізді. Қазіргі таңда құс өсіріп, ауыл шаруашылығымен айналысу тиімді әрі жемісті бизнес екені белгілі.

3235757E-ABD0-4822-AD86-9FB4F3585962

- Бұл балапандарды "Ақас" агро-фирмасынан алдық. Құстарды алып келуге "Бәйтерек" супер маркеттер желісінің басшысы Айбек Омаров көмектесті. Балапандар өндірістік әдіспен аталығы мен аналығы бөлінген. Бұл балапандардың 98,9 пайызы аталық болып келеді. Яғни етті бағыттағы балапандар. 70 күнде 2,5 келіге дейін салмақ жинайды - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алтынбек Бексейітов.

CE7D99E6-DBA1-48F6-8050-AD5309BD5BE5

Жалпы ауданда 500-ге жуық көпбалалы отбасы бар. Пугачевтық Жанар Аяпова жеті баланың анасы. Былтырдан бастап мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Мемлекет тарапынан көрсетілген көмек көпбалалы отбасыға зор демеу болды. Биыл әлеуметтік қолдау шаралары одан әрі жетілдірілді. Көпбалалы жанұяға ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік пакет беріледі. Енді шаруашылықты өркендетуге зор мүмкіндік. Өйткені бұл отбасының қорасы 30 балапанмен толықты.

- Мемлекет жан-жақты көмегін тигізіп жатыр. Қолдау білдіріп жатқан азаматтарға алғысым зор. Өзім жұмыстамын. Балаларым балапандарды өсіруге көмектеседі. Бұдан бұрын да үйректің, қаздың балапандарын алып бағу ойымызда болды. Ауламыз кең. Шаруашылық өркендетуге мүмкіндік мол. Осы балапандар өсіп, қыстыкүні балаларыма азық болады, - деді көпбалалы ана.

9764A482-13B7-43C7-BDDF-03DB194B8162

Ауданда мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны - 177. Аудан әкімдігі бұл шараны қолдау мақсатында қыркүйек айында тағы 5 мың етті бағыттағы балапандар алып, отбасыларға тегін таратпақ ниетте.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале