15.10.2018, 13:13
Оқылды: 60

Бөрлі ауданында іскер әйелдер форумы өтті

Ақсай қаласында алғаш рет ұйымдастырылған жиынға өңірдегі ісмер қыз келіншектер мен қоса облыстан кәсіпкер әйелдер қатысты.     borli (2)    Форум барысында аудан әкімі Санжар Әлиев ауданның іскер әйелдер жергілікті жерлердегі жұмыссыздық мәселесін шешуде үлес қосып келетіндігін, жылда дәстүрлі түрде «Бөрлі ауданының іскер әйелдері күні» аталып өтілетінін айтты.

          Бөрлі аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Надежда Молчанова форумда баяндама жасап, қыз-келіншектер қолға алған кәсіпкерлік істердің жетістігі мен қиын тұстары жайлы айта келіп, өткізіліп жатқан форум бизнестегі әйелдердің орнын одан әрі нығайтатындығын жеткізді. Ел дамуындағы әйелдердің рөлі, іскер әйелдерді қолдау, жалпы әйелдер қауымының экономикалық белсенділігін арттыру тақырыбында түрлі баяндамалар оқылып, талқыға түсті. Сонымен қатар форумға келген әр кәсіпкер әйел бизнесте айтарлықтай жетістікке жеткен, көпшілікке танымал әйелдердің кеңестерін тыңдап, ой алмасты.

         Форум алаңында . көздің жауын алар қолөнер бұйымдары, кондитерлік және сүт өнімдері ұсынылды.

         Осы мезетті қалт жібермеген аудан әкімі Жанаргүл Көпжасарова мен Юлия Сизова сынды мүмкіндігі шектеулі ісмер әйелдерге (қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысатын) өз туындыларын тек осындай сәтте ғана көрмеге шығармай, ұдайы халыққа ұсынуына жағдай жасап, сауда үйлерінен орын қарастырып беруін аудандық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Мереке Нұрланұлына жүктеді.

         Форум барысында белсенді кәсіпкер қыз-келіншектердің еңбегі ескеріліп, алғыс хаттармен марапатталды.

borli (1)

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале