2.10.2018, 19:55
Оқылды: 30

Бөрлі ауданында коворкинг орталығы ашылды

Облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жұмыс сапарымен Бөрлі ауданына келді.

IMG_8605
Бөрлі ауылына ат басын бұрған Ғабидолла Абдоллаұлы ауылдық модельді кітапханасынан коворкинг орталығының ашылуына қатысты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ауылдық кітапханаларды мәдени, ағарту және ойын-сауық орталықтарына модернизациялау туралы» ережесіне сай ашылған коворкинг орталығы бес алаңнан тұрады. Олар смарт қызметтер, еркін аймақ, «Рухани жаңғыру» алаңы, интеллектуальды-шығармашылық кеңістік және «Еркетай» балаларға арналған аймақ.

IMG_8531

Аталған орталық аудан қаражатына жасақталып, оған 12 млн. теңге қаражат жұмсалды. Жаңа форматтағы коворкинг орталығының лентасын Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы директоры Шолпан Уразаева мен Бөрлі ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Нина Бязина қиды.

IMG_8504

Ғ.Оспанқұлов ауыл халқын коворкинг орталығының ашылуымен құттықтап, маңыздылығына тоқталды.

IMG_8545
Содан кейін облыс әкімінің орынбасары Ақсай қаласындағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмыс барысымен танысты. Алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №5 мектеп жанындағы интернат ауласында ашылған спорт алаңын қараған Ғабидолла Абдоллаұлы, Ақсай техникалық колледжінің жұмысын да назарға алды. Күрделі жөндеуді қажет ететін №4 орта мектеп ғимаратына барып, білім беру ошағының жай күйімен де танысты.
Артынша аудандағы әлеуметтік сала қызметкерлерімен, қоғамдық кеңес және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Онда аудандық спорт, білім, мәдениет және тілдерді дамыту, сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің басшылары атқарылған жұмыстарды баяндады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА
Бөрлі ауданы

IMG_8587

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале