30.10.2019, 17:27
Оқылды: 148

Бөрлі ауданында шағын футболдан ІІІ лига басталды

Шағын футболдан ерлер арасында Бөрлі аудандық чемпионаты басталды.

borli (3)

Лигаға 20 команда 400 спортшы қатысуда. Лига наурыз айына дейін жалғасады. Аталмыш сайыста Ақсай мешіті, АқсайЖылуҚуат, Батыс жастары (Шыңғырлау ауданы), Бумакөл ауылдық округі, Жәңгір, Конденсат, Қарашығанақ, Жастар ресурстық орталығы, Тұлпар, Чемпионика, Автомобилист, Ақбарыс, Аудандық орталық аурухана, Биернұр, Бөрлі ауданының әкімдігі, КПО б.в. кәсіподақ ұйымы, КИОС, Бейкер Хьюз, Free Style, БЖСМ ардагерлері командалары мықтыны анықтайды.

borli (1)

Лиганың ашылуында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов және Бөрлі ауданының футбол федерациясының президенті Махамбет Карашутов лебіздерін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

borli (4)

Айта кетейік, лиганың осымен үшінші мәрте өткізілуде.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале