25.12.2020, 12:21
Оқылды: 131

Бөрлі ауданында спорт саласының мықтылары марапатталды

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі мен спорт ардагерлерінің және спортшылардың қатысуымен «Жыл қорытындысы - 2020» атауымен спорт саласы бойынша қорытынды шара өтті.

 132651086_4808885109184040_7326824356513494000_n

Облыс әкімінің алғыс хатымен аудан спортының дамуына үлес қосқаны үшін аудандық спорт мектебінің басшысы Есенаман Стамгазиев марапатталды.

«Бөрлі ауданына – 85 жыл» мерейтойлық медалін аудан спортының дамуында өлшеусіз еңбек еткен Ж.Қазбаев, Е.Бутеков, Қ.Джандусинов, Б.Абдрахманов, М.Қаженов секілді спорт ардагерлеріне берілді.

Аудан әкімінің алғыс хаты Г.Әлмұхамбетова, А.Панасович, С.Айтасова, А.Жұмағұлов, В.Симоченко, Қ.Қаженовтерге табыстады.

Одан соң биыл өткізілген спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша ауылдық округтер, аудан мекемелері арасынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, жыл үздіктерін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов марапаттады.

132715504_4808884429184108_2019943442750876695_n

Ауылдық округтер арасында Бөрлі ауылы 685 ұпаймен үздік шықты. Ақбұлақ ауылы 598 ұпаймен екінші орында болса, Қарағанды ауылы 543 ұпаймен үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Қала мекемелері арасында төртінші жыл әдеттен жаңылмай Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-і 1132 ұпаймен үздіктердің үздігі атанды. 847 ұпайды еншілеген Ақсай қаласы №1 МБК-і тұғырдың екінші сатысында. №5 ЖОББМ командасы 499 ұпаймен үшінші орынды еншіледі.

Шара барысында аудан спортын дамытуда ауқымды жұмыс атқарған «Жыл үздіктері» аталымының иегерлері де анықталды.

«Үздік жаттықтырушы» аталымы – Б.Абдрахмановқа, «Үздік жас спортшы» аталымы – Ә.Әбдіғалиға, «Үздік дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» аталымы – №6 ЖОББМ ұстазы Т.Сапиевке берілсе, А.Мыңжасаров – «Үздік паралимпиада спортшысы» атанды.

В.Мухамедшин – «Үздік ардагер спортшы», А.Панасович – «Үздік спортшысы», А.Кульжемиева – «Үздік спорт әдіскері» аталымдарын қанжығалады.

Әріпесіміз С.Меңдібай спорт жаңалықтарының жаршысы ретінде «Үздік спорт тілшісі» аталымын иеленді. «Үздік спорт саласының техникалық қызметкері» аталымдары С.Гильманов, С.Койшыбаева, А.Босбатыроваларға бұйырды.

Марапаттаулардан соң аудан әкімі Миржан Мұнайдарұлы спортшылардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады.

 

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале