11.11.2019, 11:29
Оқылды: 184

Бөрлі ауданында жастар спартакиадасы басталды

Бөрлі ауданының мектеп оқушылары және колледж студенттері арасындағы аудандық спартакиада басталды. Аталмыш шара Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Бөрлі ауданының білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен өтуде.

borli (1)

 Жарыс бағдарламасында жеңіл атлетика, шағын футбол, волейбол, асық ату, баскетбол, тоғызқұмалақ, жүзу, күш гимнастикасы, үстел теннисі, шаңғы жарысы сияқты спорт түрлері бар. Ақсай техникалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-экономикалық колледжі және қалалық, ауылдық мектептерден келген 20 команда қатысуда.

borli (2)

Спартакиаданың ашылу салтанатында Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

borli (3)

Спорттық дода желтоқсан айының 14-іне дейін жалғасады.

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале