14.02.2019, 16:35
Оқылды: 65

Бөрлі ауданында Жастар жылының ашылуы өтті

«Ел болашағы – жалынды жастар» атауымен өткен шараға еліміздің атын шетелде шығарып, Бөрлі ауданының намысын қорғап, ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген жастар мен озат оқушылар қатысты.

IMG_2477

         Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Санжар Әлиев:

         -Құрметті жастар, баршаңызды Жастар жылының ашылуымен құттықтаймын! Аудан жастарының мүмкіншілігін арттыру мақсатында ауыз толтырып айтатындай жұмыс жасалып жатыр. Айталық, осы жылдың басында жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы жанынан «Bolashaq» коворкингі ашылды. Алдағы уақытта Ақсай қаласында 8 шағын спорт алаңын салу жоспарда бар. Жастардың сұранысы бойынша орталықтағы «Қарашығанақ» стадионына скейтбордпен сырғанау алаңын салып, оған «Жастар стадионы» деген атау беру ойда бар. Сол атқарылатын игі істердің бәріне жастардың тың ойлары мен күш-жігерлері қажет-ақ. Алар асуларымыз көп болғай,- деді.

         Жастардың атынан Жарқынбек Шынтаев, Ербол Мерғалиев, Айнэлла Арманова, Сымбат Уринбаева, Ақтоты Зайнулина сөз сөйлеп, замандастарын елдің жарқын болашағы жолында бірлесе отырып, асқақ асуларды бағындыруға шақырды.

IMG_2470 IMG_2487

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парашамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале