15.11.2017, 11:37
Оқылды: 17

Бөрлі ауданында жыл басынан бері көлік апатынын 8 адам ажал құшты

1503657545_article_b_1500_Бөрлі ауданының полицейлеріне қызметтік бес VW Polo көлігі берілді. Тұңғыш Президент күніне орай табысталған көліктердің барлығы да жол-патрульдык қызметіне бұйырды. Полицейлерге көліктердің кілтін аудан әкімі Алдияр Халелов табыстады.

 Салтанатты шараға облыстық ішкі істер департаментіні ЖПҚ  басшысы  Манарбек Ғабдуллин, ішкі істер саласының ардагерлері, ішкі құрам қатысты.

policeЖыл басынан бері ауданда 638 қылмыс тіркелген. Құқық бұзған 341 адам өз қателігін мойындаса, 189 адам қоғамдық жерде темекі шеккені үшін, ал 1614 бөрлілік көшеде арақ ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Айта кету керек, өңірде жыл басынан бері 17 жол апаты орын алып, 8 адам мерт болса, 29 адам түрлі жарақат алды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Өткен жылдың он  айында 14 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 4 адам ажал құшса, 14 адам түрлі жарақат алған. Сондықтан жол қозғалысын реттеп, тәртіпті күшейту үшін автокөліктер қатарының толығуы маңызды.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале