24.01.2020, 11:32
Оқылды: 50

Бөрлі ауданының мәдениет қызметкерлері қайырымдылық балын өткізді

Бөрлі ауданының мәдениет және өнер қызметкерлері  қайырымдылық балын өткізді.

borli (3)

Сахна адамдары ауданның кішкентай тұрғыны Дияр Абдулкаримовтың ем-домына қаржылай көмек көрсетіп, табыстады. Тумысынан жүрек ақауы бар Диярға алдағы күндері Нұр-Сұлтан қаласында ота жасалмақ.

borli (1)

Ізгілікке толы шарада аудан әкімі Миржан Сатқанов ауданның өркендеуі жолында еңбектенген сала үздіктеріне арнайы төсбелгілер табыстады.

borli (4)

Олардың қатарында «Өнер майталманы» төсбелгісімен Ұлан Рамазанова, Айнұр Мукангалиева, Әсел Молдағалиева, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен Майра Маймирова, «Үздік қызметкер» Эльвира Жаңатауова, Бибіжан Избасова, Төлепберген Искайров және «Мәдениет майталманы» төсбелгісімен Майра Джусубалиева марапатталды.

 Сонымен қатар ауданда қайырымдылық көрсетіп жүрген «КПО б.в» компаниясының өндірістік бөлім басшысы Асылжан Бисенбаев, «Нұр-ай» мейрамханасының басшысы Нұрлан Түнғатаров, «Лигабуе» ЖШС-ның бас директоры Дардик Бранко секілді жомарт жүректі  жандар аудан әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале