1.04.2020, 17:57
Оқылды: 76

Бөрлі ауданының тұрғындары карантинге қатысты сауалдарымен 20-9-31 нөмеріне хабарласа алады

Енді бұл жағдайдың қайталанбауына жол бермеу үшін жергілікті атқарушы орган қандай іс атқарып жатыр? Сақтану шаралары қандай? Бұл сұрақтар төңірегінде жедел брифингте айтылды.

borlii

Брифингке Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов қатысып, төтенше жағдай кезеңінде Бөрлі ауданында қабылданған шаралар мен өзгерістер туралы баяндады. Ашық алаңға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Г.Кереева, аудандық полиция бөлімінің бастығы Д.Утегулов, аудандық орталық аурухананың директоры  Ш.Сарсенғалиев қатысып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Тұрғындардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында 31 наурыздан бастап енгізілген күшейтілген карантиндік режимге байланысты бірқатар шаралар қабылданды. Ең алдымен аудан аумағы мен қала ішіндегі қозғалысқа шектеу қойылады. Мекеме-ұйымдардың, кәсіпорындардың жұмыс кестесіне өзгерістер енгізіледі. Азаматтарға үйден себепсіз шығуға тыйым салынады. Ал жұмыскерлерден жұмыс орнынан анықтама талап етілетін болады.

Тұрғындар үйден екі шақырымнан артық емес қашықтықтағы азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға ғана бара алады, ал үй жануарларымен 500 метрден алыс емес аумақта ғана серуендеуге рұқсат беріледі. Емдеу мекемесіне шұғыл жағдайда ғана баруға рұқсат етіледі.

Кәмелетке толмаған балаларға өздігінен көшеде жүруге болмайды. Қаланың тыныс-тіршілігінде маңызы бар мекемелерді қоспағанда, басқа нысандар күшейтілген карантиндік режим кезеңінде қашықтан жұмыс жасауға көшуі керек. Мектепке дейінгі ұйымдардың, арнайы әлеуметтік үлгіде қызмет көрсететін жартылай стационар мекемелердің жұмысы тоқтатылады.

Қалаішілік қоғамдық автокөліктердің жұмыс кестесі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, сағат 06.00 мен 19.00 аралығына өзгертіледі.

Қаладағы аумақтық мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынышты ұйымдар, заңды тұлғалар (меншік нысанына қарамастан) дереу жұмыс уақытын екі сағатқа қысқартуы тиіс. Барлық мекеме-ұйымдар қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, сақтық шараларын қолға алынды.

Пандемияның ең қауіпті жағы оның тез таралуы болып отыр. Сол себепті Ақсай қаласының көшелерін, саябақтар мен гүлзарларда, жаяу жүруші жолдарда  дизинфекциялау жұмыстары үнемі жүргізілуде.

-Қазір ауданға кіреберістерде 4 блокбекет ұйымдастырылды. Блокпостарда жергілікті полиция қызметкерлері, эпидемиологиялық қызметкерлеріміз, жергілікті атқарушы органның жауапты қызметкерлері жұмыс жасауда.

Посттар арқылы кіру және шығу арнайы құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Мен Бөрлі ауданының тұрғындарын тәртіпке бағынуға шақырамын. Бұл қатаң шаралардың барлығы вирустың күшейуіне тоқтау қояды. Карантин шараларын бұзған азаматтарға қатаң шаралар қолданатын боламыз. Бұның барлығы біздің қауіпсіздігіміз үшін қабылданған шаралар екендігін айтқым келеді.

Барлық сұрақ бойынша сіздер 20-9-31 нөмеріне қоңырау шала аласыздар. Сонымен қатар, арнайы штаб құрылған болатын. Бұл штабтың whatsapp номері 87474010269. Сіздерден үйде отыруыңызды сұраймыз. Осылайша біз бұл вирустың таралуын тоқтатамыз. Біз біргеміз,-деді аудан әкімі Миржан Сатқанов.

Тәуліктік және күндізгі стационарларға емделуге жатқызу, соның ішінде жоспарлы түрде «Емдеуге жатқызу бюросы» порталы бойынша, медициналық реабилитация мен қалпына келтіру еміне жолдау, сонымен қатар, амбулаторлық науқастарды қабылдау тоқтатылды. Диспансерлік науқастарға, үйлеріне дәрі-дәрмектерді жеткізу - учаскелердің жалпы тәжірибелік медбикелерімен жүргізіледі.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале