18.05.2018, 15:41
Оқылды: 14

Бөрлі сахнасында «Қайыршылар әлемі» сахналанды

Ораза қайырымдылық шараБөрлі аудандық Мәдениет үйінде Елдос Габдрахмановтың бастамасымен «Глобус» мюзикл театры «Қайыршылар әлемі» деп аталатын қойылымды сахналады.

Мәдениет үйінің ұжымы білікті жас мамандармен толықтырылып, соның нәтижесінде театрдың, соның ішінде «мюзикл театрының» жұмысына жан бітіп, халыққа тың қойылымдар ұсыныла бастады. Кішкентай әртістеріміздің көпшілігінің бұл шығармадан соң жұлдызы жанып, шабытының шарықтағаны да белгілі. Әдемі әзілмен өріліп, өздерінің әлемін бейнелеген комедияның көркемдігі мен шынайылығы күні ертең де маңызын жоймасы анық.

Сонымен қатар мюзикл театры Бөрлі ауданына қарасты ауылдық округтерге гастролдік сапарға шықпақ. Ал шілде айларынан бастап басқа аудандарға да ат басын тірейді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале