16.03.2019, 14:08
Оқылды: 20

Бөрліде «Ашық әкімдік» шарасы өтті

 Шара барысында аудан әкімі Санжар Әлиев, орынбасары Алпамыс Көшкінбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ольга Басимова аудан тұрғындарын қабылдады. Сауалдарына нақты жауап берді.

b4

  -Бұл шаралардың барлығы аудан тұрғындарының игілігі үшін. Әр отбасы мемлекеттің жасап отырған мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Атқарушы билік пен халық арасындағы ашықтық осы жұмыстардың оң нәтиже беруінің бірден бір кепілі. Сондықтан «Ашық әкімдік» шарасы үнемі өткізіліп тұрады, -деді аудан әкімі.

-Кей уақытта салғырттығымыздың кесірінен құжаттарымыз түгел болмай жатады. Түсінбестік болғандықтан кінәні өзгелерге жауып жатамыз. Ал осындай ашық шараның арқасында барлығын жіті ұғынып, көкейімдегі сұрақтарымды қойып, жауаптарын алдым,-дейді Айгүл есімді көп балалы ана.

Қабылдау барысында тұрғын үй мен жер мәселесі, отбасыларға берілетін АӘК, халықтың тұрмысын көтеру үшін жасалып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы айтылып, мағлұмат берілді.

Шараға жеке сұрағымен 16 адам келді.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы,

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале