9.11.2017, 10:59
Оқылды: 42

Бөрліде ашық аспан астында музей жасақталуда

 

IMG_7458Халықтың туған өлкенің тарихы мен мәдениетіне, салт-дәстүріне деген құрметін қалыптастыру және дамытуды көздейтін "Рухани қазына" кіші бағдарламасы "Қасиетті Қазақстан" жобасы аясында жүзеге асуда.

Бөрлі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ақмарал Исмағұлованың айтуынша, жоба аясында Бөрлі ауылдық округі аумағында 1930 жылдары машина-трактор станциясының құрылысының іргетасына пайдаланылған мұсылман бейіттерінің құлпытастарын жинақтап, ашық аспан астында музей жасақтау жұмыстары жүріп жатыр.

- Бұл нысанның сызбалары дайын, қаражат көздері қарастырылуда. Аудан бойынша "Қазақстанның киелі жерлері" географиясына Қырықоба қорымы, халықтық ішкі істер комиссариатының ғимараты, Мүсіреп ата - Әулие Мүсіреп (Мүсеке), аруақты Жолбарыс батыр және Әулие Мыңбай ата зираттары ұсынылған. "100 жаңа есім" жобасы аясында аудан бойынша облысқа 26 кандидат ұсынылып, 3-нің есімі республикалық сайтта жарияланып отыр,-дейді Ақмарал Исмағұлова.

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале