3.04.2017, 12:38
Оқылды: 20

Бөрліде бала туу көрсеткіші жоғары

Borli bala tuu korsetkishi jogari    Соңғы үш жылда Бөрлі ауданында бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Ауданда жыл сайын денсаулық сақтау саласына баса көңіл бөліп келеді.

 Соңғы жылдары аудан орталығында заманауи құрылғылармен жабдықталған аудандық емхана пайдалануға берілсе, аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтіп, 2016 жылы ауданға 7 дәрігер келді.


     -Күрделі жөндеуден өткен ауруханамызда әйелдердің босануы үшін барлық жағдай жасалған. Ауданымызда бала туу көрсеткіші жоғары. Әсіресе, дүниеге ұл балалар көбірек келуде. Дегенмен әйелдердің жүктілікке психологиялық, профилактикалық дайындығы көңіл қуантпайды. 2015 жылы барлығы 693 сәби жарық дүниенің есігін ашса, 2016 жылы 1021 сәби дүниеге келіпті. Ал осы жылдың үш айында 210 бала өмірге келді.

     Демографиялық саланың жыл санап артуының басты факторы медициналық көмектің сапасының артуымен де байланысты. Перзентхана бөлімінде әйелдердің жайлы босануына барлық жағдай жасалып, соңғы үлгідегі құрал-жабдықпен жарақтандырылған. Сол себепті де босанушы әйелдердің 82 пайызы аталмыш перзентханада сәбилерін аман-есен бауырларына басады, - дейді перзентхана бөлімінің меңгерушісі Дариға Мендеева.

    Сондай-ақ, 2016 жылдың мөлшеріне қарағанда, бала тууына байланысты бір жолғы жәрдемақы 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 20% өсетіндігі белгілі. Отбасында дүниеге келген бірінші, екінші және үшінші сәбиге мемлекет бір реттік көмек ретінде 71270 теңге төлесе, төртінші және оданда көп сәбилерге 118783 теңге төленетін болады.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале