21.10.2019, 16:48
Оқылды: 163

Бөрліде бокстан халықаралық турнир аяқталды

Бөрлі ауданындағы Ақсай қаласында «Достық-Дружба» кубогіне арналған ХХІІ халықаралық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

borli (3)

Қорытындысында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында 32 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Дәурен Тасқалиевке қарсылас табылмады.

Сондай-ақ Ильдан Шаңғараев, Ақылжан Сансызбай, Алмас Гарифуллин, Мұхаммедәли Қадержанов, Бекайдар Қадырғали, Арон Бекес жүлдегерлер қатарын толықтырды.

2002-2003 жылғылар арасында Санжар Марксов, Александр Ващенко, Данил Яркеев, Темірлан Карабалин, Рустам Дамирлановиың жұлдызы оңынан туды.

borli (1)

 «Үздік төреші» аталымы оралдық Нұрсұлтан Қонарбаевқа бұйырды. Нұрдаулет Қылышбаев пен Кирилл Корженевич «Жеңіске жігері үшін», Ресейдің Орынбор облысынан келген Александр Ващенко «Үздік боксшы», ақсайлық Дәурен Тасқалиев «Үздік техникалық-тактикалық дайындығы үшін», Орынбордан келген жаттықтырушы Олег Маркин «Үздік боксшыны дайындағаны үшін» аталымымен марапатталды.

Мейрамбек Сыдық

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале