12.03.2019, 17:56
Оқылды: 27

Бөрліде «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Бөрлі ауданында 11 наурыз «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

borli

         Бөрлі ауданының полиция бөлімі басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Тимур Майранов аталмыш іс-шараның барысы туралы ақпарат берді.

         - «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы 11-20 наурызда жүргізіледі. Іс-шараның нәтижесінде жол көлік ережесін бұзғаны үшін 87 775 теңге, қоғамдық қауіпсіздікті бұзғаны үшін 30 962 теңге айыппұл төленді. Айыппұл салынған адам 7 күн ішінде тек жартысын ғана төлей алады. Уақыт асып кеткен жағдайда айыппұлдың толық ақысын төлеуі тиіс. Ал уақытында төлемеген борышкерлер шекарадан шығу құқығынан айырылып, көлігі уақытша айып тұрағына қойылады, - дейді Тимур Нұрболатұлы.

Мейрамбек Сыдық,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram -дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале