24.06.2019, 13:11
Оқылды: 335

Бөрліде дәстүрлі туристік слет өтті

Бөрлі ауданында «Әкелер даңқы жолымен» деп аталған туристік слет жалауын желбіретті. Бұқаралық спортты дамытып, экологиялық туризмның ролін арттыруды мақсат еткен шарада Бөрлі ауылдық округының командасы өзгелерден оқ бойы оза шықты.

slet borli (2)Барлық ауылдық округінен командалар мықтылығын танытты. Ұлттық ойындар ойнатылып, туристтік жарыстар өткізілді. Аталған слетта студент жастардың қатары көп болды.

slet borli (3)

Жалпы командалық есепте 441 ұпаймен І орынды Бөрлі ауылдық округі жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды 330 ұпаймен № 3 мектебі және үшінші орын 322 ұпай жинаған Қарағанды ауылдық округіне бұйырды. Ойындарда үздік көрінген ойыншылар аталымдармен марапатталды. Мәселен, волейболдан Аделия Балотина (Бөрлі) «Үздік байланыстырушы», Ерболат Ташимов (№ 3 мектеп ) «Үздік ойыншы» (шағын футболдан), Бекзат Мендібаев (Бөрлі) «Үздік қорғаушы», Азат Жұбандыков (Бумакөл) «Үздік шабуылшы» атанды.

Асық атуда Асхат Серік (Жарсуат) «Үздік асық атушы», Альбина Хасанова (Кеңтүбек ) «Үздік қатысушы»  аталымымен марапатталды.

Айым Нұрғалиева,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

slet borli (1) slet borli (4) slet borli (5) slet borli (6) slet borli (7)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале