2.11.2018, 17:54
Оқылды: 43

Бөрліде «Көшбасшы жастар» клубы құрылды

Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Жаңабайұлының тікелей бастамасымен, аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен №1 МБК аудандағы жас, әрі жалынды ұстаздармен TEDх форматындағы кездесу өтті.

WhatsApp Image 2018-11-02 at 17.14.06

Кездесуде Елбасы жолдауына сәйкес 2019 жыл «Жастар жылы» деп аталуын жастар қуана және белсенді қабылдап, қос қолдап қолдайтындығын білдірді. Аталмыш кездесде А.Жаңабайұлымен аудандық білім беру бөлімінң басшысы О.Төлемісұлы қатысып, жастармен еркін форматта ашық әңгіме жүргізді.

         Аудан әкімінің орынбасары А.Көшкінбаев өз сөзін:

         - Баршамыздың мақсатымыз айқын. Ол – бәсекеге қабілетті ел болып, әлемнің алпауыт мемлекеттерімен иық тірестіріп, білім мен инновацияны меңгеруде деңгейі жоғары, тіл мен мәдениеті, діл мен әдебиеті қауһарлы қоғам қалыптастыру. Осы қоғамның тізгінін тең ұстар салауатты да, саламатты ұрпақ тәрбиелеу. Сіздердей жалындаған жастардың күш-жігері, білім-білігі бізге қазір ауадай қажет. Келер жыл  «Жастар жылы» деп Елбасымыз ерекшелеп атап өтті. Демек, сіздерге мүмкіндік көп. Тек қана сізден сұралатыны Абайдың өтірік, өсек, мақтаншағын тастап ынта, жігер, білімді ұштастыра білу, - деп бастады.

          Өзі оқып жүрген мотивациялық кітаптар турасында әңімелей келе, басшылық пен жастардың ортақ мүддесін мәнін келтіре жеткізіп сөзін қорытындылады. О.Төлегенұлы Алаш арыстарының ел мен жер жолындағы жаңкештілігін тілге тиек етіп, Мағжан бабамыздың жалынды өлең жолдарымен жастарды рухтандырып жіберді.

         Кездесу барысында «Көшбасшы жастар» клубын құру туралы ұсыныс айтылып, бұл бастаманы жастар бірауыздан қолдады. Жастардың шешімі бойынша клуб негізгі төрт бағытта жұмыс атқарады. Атап кетер болсақ тіл мәселесі, жаңа технологияларды игеру, салауатты өмір салтын сақтау, соңғысы тарихи-өлкетану бағыты.

         Жастар ай сайын осындай еркін форматтағы жиын өткізіп, атқарған жұмыстар мен нәтижелер туралы қорытынды жасайтын болады. Клуб мүшелері белсенді жастарға тегін ағылшын курстарына қатысу, бассейнге бару, спорт кешендеріне тегін кіру сияқты түрлі жеңілдіктер көрсетілетін болады.

WhatsApp Image 2018-11-02 at 17.14.08

Мейрамбек СЫДЫҚОВ,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале