23.04.2018, 15:38
Оқылды: 40

Бөрліде мешіт жамағаты арасында ашық біріншілік өтті

Бөрлі ауданында шағын футболдан ауданаралық мешіт жамағаты арасында ашық біріншілік өтті.

Достық қарым-қатынасты нығайту мақсатын көздеген ойынға облысымызға қарасты 11 аудан келіп, бақ сынады. Ойынның нәтижесінде І орын Бөрлі ауданының еншісінде қалды. Ал ІІ орынға Зеленов, ІІІ орынға Жәнібек аудандары жайғасты. «Үздік қақпашы» номинациясымен Н.Букушев, «Үздік ойыншы» номинациясымен П.Төлепов, «Үздік қорғаушы» номинациясымен Р.Ахмулдиндер марапатталды.

Бұдан кейін «Әдемі әуезді азаншы» атты  азан шақыру жарысы жалғасын тапты. Қазылар сайыскерлердің әдемі әуезімен қатар, оқу нақышын және азанның тарихынан да сұрақтар қойып отырды.

Парасат ордасында өткен ғибратты шара барысында І орынды Теректі ауданының азаншысы Е.Абжанов иемденді. ІІ орынға Сырым ауданының азаншысы Д.Миғрашев жайғасты. ІІІ орын Тасқала ауданының азаншысы С.Гайнуллинге табысталды.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале