18.04.2019, 18:07
Оқылды: 43

Бөрліде республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Конференция «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Батыс Қазақстандағы саяси-әлеуметтік ахуал және батыр Жолбарыс Торыұлы» деп аталды.

IMG_5073

         Жиында аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов сөз сөйлеп шараның сәтті өтуіне тілектестік білдірді.

         Тарихи тұлға, батыр Жолбарыс Торыұлы туралы деректі фильм көрсетілімімен басталған бас қосуда, батырдың ұрпағы Жолдығали Батырхановтың «Батыр Жолбарыс Торыұлы» атты кітабының тұсауы кесілді. Кітапта Жолбарыс батырдың арғы аталарының шежіресі тарқатылып, батыр туралы ел аузынан естіген аңыз-хикаяттары топтастырылып, үш тілде берілген.

         Конференция барысында «Қасиетті Қазақстан» зерттеу орталығының директорының орынбасары Батырхан Жұмабаев «Батыс Қазақстан өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің қасиеттенуі», тарих ғылымдарының кандидаты Самат Құрманалин «Отаршылдық дәуірдегі қазақ ұлт-азаттық қозғалыстарының сабақтастығы мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. БҚМУ магистранты Уалихан Сағидуллин «Жолбарыс Торыұлы тариха тұлға һәм батыр» баяндамасында Орынбор қаласының архивінен алынған деректерге сүйеніп Жолбарыс Торыұлының тек батыр ғана емес, дипломант болғанын да айтып өтті.

         Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкері Бейбіт Отарбаев «Ақтөбе жеріндегі Исатай Тайманұлы бастаған азаттық көтерілісі тарихын насихаттаудағы іс-шаралардың ұйымдастырылуы», Қостанай облысы мәдениет басқармасы Торғайдың Жангелдин мұражайлар кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекей «1868-1870 жылдағы Орал, Торғай және Маңығыстау қазақтарының отаршылдыққа қарсы күрес» тақырыбында баяндама жасады. Тарих ғылымдарының магистрі, «Ғылыми зерттеулерді қолдау қорының» директоры Айболат Құрымбаевтың «Бөрлі ауылы тарихындағы сұлтан Баймағамбет Айшуақұлының рөлі» тақырыбындағы баяндамасы арқылы көпшілік жаңа деректерге куә болды.

          Кейін қатысушылар Жолбарыс батырдың басына барып, құран бағыштап, аудандық өлкетану музейінде секциялық отырыс өткізді.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

IMG_5060 IMG_5125

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале