27.05.2020, 5:39
Оқылды: 172

Бөрліде спортты насихаттайтын баннерлер ілінуде

Ақсай қаласы көшелеріне еліміздің атын байрақты бәсекелерде төрге шығарып, намысын қорғап жүрген, жерлес споршыларымыздың суреті бейнеленген баннерлер ілінуде. F3C42000-D97D-4C43-B8DF-0AF52BEAA893Баннерлерде Бөрлі ауданы топырағынан шыққан әйелдер күресінен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Екатерина Ларионова, паратаеквондодан Еуропа чемпионы Мәлік Мұқашев, самбо күресінен Азия чемпионы Темірлан Көлбайлардың бейнелері бар. Сонымен қатар Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бұқаралық дене шынықтыруды өркендету ісі жаңа чемпиондар шыңына шығатын пирамидаға айналуы тиіс» деген сөзі қоса беріліп отыр.

45B99B70-BCDF-494D-A0F6-0BA6F8FFCA0D

-Басты мақсатымыз  - споршыларымыздың жеткен жетістіктерін көрсете отырып, елді спортқа қызықтыру. Көшеде өтіп бара жатқан жас бала осы аға-апаларын көріп, спортқа қызығып, ертең мен де осындай болсам екен деген ой тастасақ біз үшін үлкен жеңіс. Бала сондай арман арқылы алға қадам басады. Және олар біздің болашақ чемпиондар болмақ,- дейді дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Арман Исанов.

3D19DD32-99EA-42A5-A26E-1238A502FD3A

A0AD3A0D-C619-4B05-A066-273CC06679D3

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале