17.10.2018, 17:51
Оқылды: 61

Бөрліде жаңа спорттық кешен ашылды

Бөрлі ауданының Бөрлі ауылында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен жаңа спорттық кешен салтанатты түрде пайдалануға берілді.

borli s (2)

         Спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, волейбол, футбол, баскетбол, допты хоккей, шаңғы үйірмелері жұмыс жасайтын болады. Ауыл тұрғындарын бұқаралық спортқа тарту жұмыстары да жоспарланған. Ол үшін аудан әкімдігі кешен жанынан хоккей мен футбол алаңдары салынады деп жоспарланып отыр.

         - Елбасы өз Жолдауында спорттық кешендерді көбейту керек деді. Өйткені, жастар дене шынықтырумен айналысса денсаулығы мықты болады. Жастар дегеніміз, сіз бен біздің болашағымыз. Сондықтан жоспарға сәйкес, «Нұр Отан» партиясымен бірге осындай шалғай аудандарда жүз спорт алаңын саламыз,- деді өз сөзінде Алтай Сейдірұлы.

         Нысан КПО б.в. компаниясының әлеуметтік жобасы негізінде салынды. Жобалық құны 321 млн. теңге болатын кешен 320 орындық. Шарада КПО б.в. компаниясы бас директорының орынбасары Марат Каримов сөз алып, ауыл халқын құттықтады.

         - Биыл облыс бойынша 35 млн. АҚШ долларына 36 жоба іске асырылды. Оның бесеуі Бөрлі ауданында. 10 млн.долларға Бөрлі ауданында 22 жоба іске асты. Осы жұмыстар жалғасын табады. КПО компаниясы өкілдері Елбасының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасын орындауға қосқан үлесі үшін өте қуанышты, - деді Марат Шәйдоллаұлы.

         Кешенде 30 жұмыс орны ашылды. Облыс басшысы кешеннің ішін аралап көріп, спортты серік еткен жастармен теннис ойнады.

ЖП сайт3

borli s (6)

borli s (1) borli s (3) borli s (4) borli s (5) borli s (7) borli s (8)

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале