13.12.2018, 12:01
Оқылды: 40

Бөрліде жыл үздіктері марапатталды

Бөрлі ауданында қоғамдық өмірге белсене араласып, табысты еңбек етіп жүрген жастар марапатталды.

 jyl uzdigi

         «Жыл үздігі-2018» марапатын тапсыру салтанатында әр аталым бойынша үздік деп танылған жасқа арнайы сертификат табысталды.

         «Үздік жас көшбасшы» Асылхан Қармысов, «Үздік студент» Шыңғыс Андыбаев, «Үздік жас ұстаз» Шакизат Балуанғалиева, «Үздік жас спортшы» Руслан Давлеткалиев деп танылды. Гаухар Тукубаева «Үздік жас дәрігер» атанды. Сондай-ақ, Дамир Курумов «Үздік кәсіпорын жұмысшысы», Диас Қожантаев «Үздік кәсіпкер», Айзада Мықтыбай «Үздік жас өнерпаз», Айнұр Игібаева «Үздік жас тілші» атағына ие болды. «Үздік мемлекеттік қызметкер» ретінде Айнұр Курманкулова, «Үздік жас тәртіп сақшысы» Бағлан Жақып атанды. «Үздік жайдарманшы топ» аталымымен «Империя» жайдарман тобы марапатталды.

         Альбина Жәрдемова «Үздік жас ақын», «Үздік жастар қолдаушысы» Жарқынбек Шынтаев, Ақнұр Қалила «Үздік волонтер», Диана Иситова «Үздік дизайнер» аталымын жеңіп алды.

jyl uzdigi

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале