12.12.2018, 18:15
Оқылды: 45

Бөрліге газ жетті

  Бөкей ордасы ауданының Бөрлі ауылы табиғи газға қосылды. Салтанатты шарада аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов пен ауыл ақсақалы Есенболат Шапенов алауды тұтатты.

 IMG-20181212-WA0030

-Елбасымыз халықтың әл-ауқатын көтеруді, тұрмыс сапасын арттыруды басты бағдар етіп отыр. Жыл сайынғы жолдау мен қолға алынып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың қай-қайсысының да басты темірқазығы – халықтың әл-ауқаты, өмір сүру сапасы. Нәтижесін өздеріңіз көріп отырсыз. Ауданымыз таза ауыз су, көгілдір отынмен 100% қамтылды. Ауданда 6550 тұрғын бар. 1151 үй мен 35 әлеуметтік нысанға газ құбырын тарту үшін облыстық бюджеттен 213 млн. 511 мың теңге қарастырылды. 2000 шақырым су құбыры тартылып, ауданның алыс-жақындағы төрт елді мекенін таза сумен қамтамасыз етілді,-деді салтанатты жиында аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов:

Өз кезегінде сөз алған облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Тілек Кереев, ауыл ақсақалы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерсайын Құбышев сөз алып, елдегі ағайын әл-ауқаты күн санап жақсарып келе жатқанын, Елбасы Жолдауындағы тапсырмалардың нәтижесіне көз жеткізіп отырғандарын айтты.

Бөрлі ауылына газ құбырын тартып, өңірдің әлеуметтік дамуына үлес қосқан «Жайыққұрылысфакт» ЖШС директоры Қанат Нәжімеддиновке алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды.

IMG-20181212-WA0029 IMG-20181212-WA0033

Әділет Әбдіров,

Бөкей орда ауданы

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале