5.03.2020, 18:43
Оқылды: 86

Бөрлілік аналарға мерекелік сый-құрмет көрсетілді

 «Nur Otan» партиясының жоспарына сәйкес, аудандық филиал төрағасы, Бөрлі ауданы әкімі Миржан Сатқанов  мүмкіндігі шектеулі нәзік жандылармен және көп балалы аналармен  кездестi.

Borli akim 2

Алдымен Миржан Мұнайдарұлы аналарға мерекелік  ізгі тілегін жеткізіп, олардың қойған сауалдарына жауап берді. Мәселен, 2-3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерін алаңдататын мәселелерді ортаға салды.   Олардың алғашқылары  медициналық мекемелерде қажетті дәрігерлердің жетіспеушілігін  тілге тиек етсе, Қазиева Нұрзия анамыз мүмкіндігі шектеулі   немересінің білім алуына алаңдайтындығын білдірді. Осы жерде  аудан әкімі    аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ольга Басимовамен бірге барлық мән-жайды түсіндіріп өтті. Әңгіме барысында жәрдемақы тағайындау, тегін дәрі-дәрмек алу, жолда жүру жеңілдіктері, т.б  өзекті мәселелер туралы айтылды.

Borli akim

- Ауданда 1381 мүмкіндігі шектеулі жан болса, соның 50 пайызын әйел адамдар құрайды. Барлық проблемаларды бір күнде шешіп тастау мүмкін емес. Жасыратыны жоқ, аудандық емханада  27 дәрігер жетіспейді. Ауданда   баспана мәселесі де өте күрделі. Биыл қаладағы 10-шы ықшам ауданнан пайдалануға берілетін  көп қабатты үйден 400-дей тұрғын баспана алмақ. Әлі күнге ауданда 4-6 баламен үйсіз жүрген жанұялар бар-,деді өз сөзінде аудан басшысы.

Ашық, еркін кездесуге жиналған  аналар аудан әкімдігіне алғыстарын айтып,  алда да қызметтеріне табыс тілесе,  Миржан Мұнайдарұлы нәзік жандыларға мерекелік сыйлықтар ұсынуды да ұмыт қалдырмады.

 

                                                   Сәнім Меңдібай

                                                                                             Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале