24.07.2020, 9:40
Оқылды: 20

Бөрлілік балдырғандар бәйгенің алдын бермеді

Індет іргемізге кіргелі балапандарымыз үйге қамалып, сабағын үйде оқып, үйірмелерінен қол үзгені белгілі. Десе де олар түрлі онлайн-байқаулар мен түрлі өнер додаларынан қалыс қалмауда. Бөкей ордасы ауданы Бөрлі мәдениет үйінің әдіскері Әсел Айтқалиеваның көмегімен шалғайдағы бөрлілік балдырғандар да осы үрдістен табылуда. Тек қатысып қана қоймай, жүлделілер қатарынан да көрінуде.

0C9BD1C9-A6B5-4AD8-9DFF-51717445A00D

– "Жаз мереке" атты республикалық өнер байқауына бүлдіршіндеріміз құлшына қатысты. Бірі эстрадалық вокал аталымынан, бірі хореография бөлігінен бағын сынап көрді,- дейді әдіскер Әсел Айтқалиева

Айта кету керек, дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы додада қатысқан бөрліліктер түгелдей І орыннан көрінді. Тарқатып айтсақ, эстрадалық вокал бойынша егіздер Әли мен Аян Сапаш, Аружан Нұрболат, Милана Самиғолла, «Әсем-ай» би тобы мен жеке билеген Әдемі Алтай да жеңімпаз атанды. Жетекшілері Жанат Рамазанова мен Әсемгүл Меңкешева Құрмет грамоталарымен мадақталды.

Раушан Аппақова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале