20.07.2020, 11:04
Оқылды: 263

Бөрлілік еріктілер тағы да ерледі!

Бөрлі ауданының еріктілері, яғни «Адам бол» қоғамдық қоры, «Парасат» қоғамдық бірлестігі, Ақсай қаласы мешіті, «Берекелі жамағат» қоры, «Volunteers aksay» штабы бірігіп, көмекке мұқтаж 45 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті.

267C95C7-621F-4457-A8CF-9F5064ECA3EA

 Бір отбасыға ұсынылатын қоржында күнделікті тұтынатын азық-түлік заттары мен тәттілер бар.

5721D426-5166-4D46-83E6-99B37418734B

Пандемия кезеңінде де біз жақсылық жасауды үзбеуге барынша кұш салып келеміз. Әрине, көп мекемелерде жұмыс тоқтап, қаржылық жетіспеушіліктер орын алып жатқандығы рас-ақ. Алайда соған қарамастан еріктілердің есепшоттарына қайрымдылық мақсатындағы қаражаттар түсіп жатыр. Бұл халқымыздың, аудан тұрғындарының  жақсылыққа қашан да дайын екендігін аңғартса керек. Осы жолы мұқтаж 45 отбасына азық-түлік қоржынын ұсындық. Алдағы уақытта бұл істер жалғасын табатын болады. Қолдау білдірген барша жандарға мың алғыс,- дейді Бөрлі ауданының бас имамы Қанат Жакенов.

1389A86D-F817-4E1D-9F61-9BF87DB1F32F

 Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале