20.12.2017, 12:26
Оқылды: 28

Бөрлілік кәсіпкер аудандық мешіт жанынан асхана салып берді

Бөрлі ауданында Омаровтар әулетінің тікелей қолдауымен аудандық мешіттің жанынан асхана ашылды.

Тәуелсіздік мерекесіне теңдессіз тартудың ашылу салтанатына аудан әкімі А.Халелов және де атқа мінер азаматтардан басқа да қуанышқа ортақтаса келгендердің қарасы көп болды.

«Асханананың салыну мақсаты - ысырапшылдықтың алдын алу. Халық бұл асханаға, садақа асын атқарып, шілдехана сияқты қуаныштарды өткізе алады. 300 адамға есептелген. Бағасы басқа ресторан, кафелерден әлдеқайда төмен болады. Нұрбек Омаров бауырым екеуміз келісімшарт жасастық. Бәрі халыққа тиімді болмақ. Нақты негізін бекітіп, жеткізе жатармыз»,-  деді аудандық мешіттің бас имамы М.Абдрахманов.

Салтанатты ашылудан кейін қуанышқа ортақтаса келгендердің құрметіне дастархан жайылды. Халқына қызмет жасап жүрген Нұрбек Омаровқа қазақы салт-дәстүрмен шапан жабылып, қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды.

Мейрамбек СЫДЫҚОВ,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале