5.12.2019, 16:33
Оқылды: 49

Бөрлілік кітапхана – үздіктер қатарында

Нұр-Сұлтан қаласында қазақ әдебиетінің заңғар жазушысы, Еңбек ері, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Әбіш әлемі» оқу конгресі өтті.

borli kitaphana

Мерейтойға арналған шара барысында «Бір ел – бір кітап» республикалық акция аясында Ә.Кекілбаев шығармаларын насихаттауда Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі үздік деп танылып, ҚР-ның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың қолынан «Ең үздік аудандық кітапхана» номинациясын алды. Бұл қажырлы еңбек пен төгілген тердің жемісі десек артық айтқандығымыз емес.

Оқу конгресінің мақсаты - аса құнды әлеуметтік функцияларға халықты ғылыми, шығармашылық және мәдени қоғамға назарын аудару. Сондай-ақ Ә.Кекілбайұлының әдебиеті мен шығармашылығын, қазақ әдебиетінің құндылықтарын халықаралық ғылыми-білім беру жүйесінде насихаттау және көпшілікке тарату.

Айта кетейік, "Әбіш әлемі" фотогалереясы жазушының ғибратты ғұмыры мен творчествосына арналады. Мемлекет және қоғам қайраткерінің толағай тұлғасын айқындайтын әдебиеттері мен шығармашылықтың шыңына жеткен рухани мол қазынасы оқырмандар назарына ұсынылады. Көрмеде жазушының кітаптарының цифрлық көшірмелерінің QR кодтары мен жеке мұрағаттағы фотосуреттері ұсынылады. Сонымен қатар абыз тұлғаның ең жарқын сәттері бейнеленген 50-ден астам суреті қойылады.

"Бөрлі жаршысы"

Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале