19.02.2020, 17:29
Оқылды: 125

Бөрлілік өрендер республикалық байқаудан жүлделі оралды

Қазақтың бас ақыны атанған Абай Құнанбайұлының туғанына  175 жыл толуына орай Алматы қаласында «Абай жаққан бір сәуле» атты байқау өтті.

borli abai okulary

Байқауға  Бөрлі ауданының мектеп оқушылары қатысып, жүлдемен оралды. Республиканың түкпір-түкпірінен іріктеліп, сынға түскен 200- ден аса үміткер арасынан Абайдың қара сөздеріндегі афоризмдерді талдау бойынша Жанерке Ерменова (№6 мектеп-лицейі) бірінші орынды иемденсе, осы бөлімнен Райгүл Үмбет (№4 мектеп) пен Аяжан Букушева (№7 мектеп) үшінші орынды қанжығалады. Ақындар мүшәйрасы бойынша өз туындыларымен оза шауып, бірінші орынға Гүлсезім Сүйеуғалиева (№7 мектеп) лайық деп танылса, екінші орынды Ақгүл Мақсот (№2 мектеп) иемденген.

Жүлдемен оралған жеңімпаздарды аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Ләззат Жолбатырова қабылдап,  алдағы күндеріне сәттілік тілесті.

Әр аталым бойынша анықталған жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, байқауға шәкірт дайындап қатыстырған ұстаздарға «Алғыс хат» берілген. Сондай-ақ, барлық қатысушы жас дарындарға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «төсбелгі» мен бағалы сыйлықтар табысталған.

Сәнім МЕҢДІБАЙ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале