8.11.2017, 11:53
Оқылды: 26

Бөрлілік шаруалар «Береке» бағдарламасымен 76 млн. теңге несие алған

предпримБөрлі ауданында кооператив құрудың артықшылықтары мен дамуы және оның жүзеге асуы туралы семинар-кеңес болды.

Оған арнайы келген ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев, «Агроконсалтинг» ғылыми орталығының басшысы Ұлан Қасқабаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы кооперация бөлімінің басшысы Жандос Шайжанов пен облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Лавр Хайретдиновтер кооператив құру бағдарламасын шаруаларға түсіндірді.

Агро саланың еңсесін көтеруге бағытталған бұл бағдарлама әсіресе ауылдық ағайынға зор қолдау. Енді шаруалар бәсекеге қабілетті өнім өндіріп, нарыққа шығару үшін асыл тұқымды мал алуға, бордақылау кешендерін тұрғызып, жаңа техника сатып алуға мүмкіндіктері бар. Бұл үшін субсидия мен жеңілдетілген несиелер берілуде. Биылдың өзінде облыс бойынша 15 ауылшаруашылық кооперативін құру көзделсе, жоспар 2-3 есеге артығымен орындалды.

Елімізде 2021 жылға дейін 500 мың шаруаның басын біріктіріп, мыңнан аса ауылшаруашылығы кооперативін құру көзделіп отыр. Осыған орай өңірлерде кооперацияның негізі бойынша жер жерде жеке қожалықтар мен кәсіпкерлер арасында оқыту - семинарлар ұйымдастырылуда. Онда шаруаларға құқықтық, экономикалық, салықтық кеңестер беріліп, жеңілдіктер жан жақты түсінідірілуде.

Семинар барысында мамандар бөрлілік кәсіпкерлер мен шаруалардың сан сұрағына жауап берді. Бүгінде Бөрлі ауданы бойынша 12 ауылшаруашылық өнімдерінің кооперативі құрылып, оларға «Береке» бағдарламасы арқылы 76 млн. теңге несие берілген.

 Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале