18.09.2018, 14:40
Оқылды: 56

Бөрлілік спортшылар жеңімпаз атанды

Ақсай қаласында самбо күресiнен 2002-2003 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.

IMG_3357

         Чемпионатқа 14 облыстан келген 316 спортшы қатысты. Жарыста халықаралық дәрежедегі атыраулық төреші Е.Төлеген төрелік етті.

         Төрт күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында 84 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ақсайлық Замир Хамзин (жаттықтырушылары: Қ. Шарипов, Қ. Қаженов), қыздар арасында 70 келі салмақ дәрежесінде Риза Сүлейменова (жаттықтырушысы Қ. Қаженов) чемпионаттың жеңімпазы атанды.

         Айта кетейік, аталған спортшылар Бөрлі аудандық балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері.

Сәнім МЕҢДІБАЙ,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале