4.10.2017, 17:36
Оқылды: 16

Бөрлілік таэквандошылар жеңіске жетті

Бөрлілік спортшылар таэквандодан Қостанай қаласында өткен республика чемпионатынан жүлделі оралды. Құрама қоржыны 2 алтынмен, 4 қоламен толықты.

Динара Альмурзина мен Саид Яхья алтыннан алқа тақса, Альбина Мусиева, Мадина Талап, Ернар Хасанов, Әдемі Күтімбетовалар қоржынына қоладан олжа салды. Жергілікті таэквандошылар үшін бұл жыл – сәтті жыл болды десек болады. Себебі олар облыс бойынша таэквандодан көш бастап тұр. Қостанай қаласында өткен чемпионатта өңіріміздің намысын 15 спортшы қорғады. Жаттықтырушы өз шәкірттерінің жетістіктеріне риза.

- Жарысқа тәжірибелі және жас спортшылар қатысты. Нәтиже жаман емес, сенімді ақтады, - деді аға жаттықтырушысы  Ербол Мерғалиев. Сондай-ақ алғаш рет төреші болып барған Ельнұр Амангельдиев пен бапкер Арыслан Байрамовқа және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне алғысын білдірді.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале