2.10.2020, 17:35
Оқылды: 95

Бөрлілік ұстаздар – құрмет төрінде

 

Бүгін аудан әкімі Миржан Сатканов мереке қарсаңында ұстаздар қауымымен кездесті. Мерекелік қабылдауда аудан басшысы мәртебелі мамандық иелерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтап, жауапкершілігі зор қызметте жарқын жетістіктер тіледі.

120563884_2831407840517792_6736177311697472070_n

Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарында жалпы саны 1132 педагог қызмет етеді. Олардың 38-і биылғы жылы келген жас мамандар. Аудан мұғалімдерінің 79 пайызы жоғарғы білімді. Жоғары, бірінші санатты мұғалімдердің көрсеткіші 47 пайызды құрайды.

«Сіздердің мойындарыңызға ауыр жүк артылған, ол артылған жүк- шәкіртерге берілетін білім байлығы. Жыл сайын жұмыстарыңыз өте күрделене түсуде. Қазіргідей пандемия кезінде де сіздердің өзіндік орындарыңыз бен ерен еңбектеріңіз ерекше байқалуда. Қоғам мен адамзат алдындағы осы өлшеусіз еңбектеріңіз сіздерге толағай табыс пен абырой әкелсе берсін» деген аудан әкімі алдымен ардагер-ұстаздар Надежда Шиганакованы ҚР "Еңбек ардагері" медалімен, Алтын Қадырғалиеваны "Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапаттады. Одан әрі де кездесуге келген ұстаздар қауымына алғыс хат пен гүл шоқтарын ұсынды.

120810533_2831237177201525_8107883313411694007_o

Сонымен қатар мерекелік қабылдауда ардагер-ұстаздар сөз алып, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры болып саналатын ұстаздарға құрмет көсреткен аудан басшысына шынайы ризашығылын блдірді. Әріптестерін мерекемен құттықтап, еңбектен жеміс тіледі.

 

Сәнім Меңдібай

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале