6.10.2020, 18:11
Оқылды: 139

Бөрлілік ұстаздар сынға түсті

Ұстаздар қауымының төл мерекесіне орай Бөрлі ауданының мектеп мұғалімдері және колледж оқытушылары арасында аудандық спартакиада өткізілді. Шара басында ардагер ұстаз Т.Ветрова да әріптестеріне құттықтау тілегін арнады.

Borli (1)

Аталмыш жарысқа қалалық №3 және №1 МБК мен ауылдық округ мектептерінен құралған 12 команда қатысты.

Borli (2)

Жарыс бағдарламасына сай қатысущылар спорттың волейбол, үстел теннисі, асық ойыны, арқан тарту, дойбы, эстафеталық жүгіру, көңілді сөре секілді түрлерінен сынға түсті.

Borli (4)

Жалпыкомандалық есепте Ақсай қаласының №3 ЖОББМ командасы 172 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынды Ақбұлақ ауылдық округ командасы еншілесе, Бөрлі ауылының №1 ЖОББМ командасы үшінші орынға қол жеткізді.

Borli (5)

Барлық жеңімпаз, жүлдегерлер Бөрлі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің Ақсай мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорты кешенінің тиісті дәрежелі дипломдарымен, медальдарымен және кубоктармен марапатталды.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале