22.04.2019, 15:46
Оқылды: 41

Бөрлілік «Жас дарын» ансамблі халықаралық байқаудан жүлделі оралды

Алматы қаласында «Мое любимое произведение» атты халықаралық байқау өтті. Байқауға барлық облыстан келген қатысушылар домбыра, қобыз, қылқобыз, фортепиано, флейта тағы басқа аспаптар жанры бойынша сынға түскен.

IMG-20190422-WA0018

         Бөрлі ауданынан барған «Жас дарын» домбырашылар ансамблі Құрманғазы Сағырбайұлының «Адайы» мен Сейтек Оразалыұлының «Заман-ай» күйін шебер орындап ІІІ дәрежелі лауреат атанды. Ансамбль Али Ажіғалиев, Самат Мажитов, Жангүлім Төлемісова, Жұпар Сариева, Ерғазы Ғайнолла, Гүлназ Кенжебекова есімді жас өнерпаздардан құралған.

         Ал жеке орындау сынында Гүлназ Кенжебекова басқалардан басым түсіп, ІІ дәрежелі лаурет атанды.

         «Бұл жетістік балардың еңбегінің арқасы. Қазақтың қара домбырасынан күмбірлеген күй төгілген байқауда қарсыластар осал болған жоқ. Қазылар алқасында Құрманғазы атындағы консерваторияның білікті ұстаздары отырды. Мамандардың алдынан өтіп, биік тұғырдан көріну оңай емес. Оқушылардың бағындырар шыңы алда деп білемін», -дейді жетекшісі Гүлсұлу Көшербаева.

Мейрамбек Сыдықов,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале