1.11.2018, 17:15
Оқылды: 57

Бөрлілік жастар Саида Қалықовамен кездесті

Бөрлі ауданының өнерлі жастары «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының бірі Саида Қалықовамен кездесті. Қос жанары көрмесе де бойында тұнып тұрған таланты бар Саиданың өмір жолы мен өнері баршаға үлгі.

 IMG_9509

       

Жүздесуде алдымен музыкант жайлы деректі фильм көрсетілді. Шебер пианист, композитор, еліміздің жалғыз музыка академигі – Саида Қалықова алдымен өз өмірі жайында баяндады.

         - Музыкант ол – өмірлік мамандық. Бұл жолды таңдаған адам өмір бойы жаттығып, өзінің шеберлігін арттырып, біліктілігін шыңдап отыруы қажет. Денесі де бұған машықтанып алады. Спортшыны жарысқа баптаған сынды біз де бұлшықеттерімізді ұдайы жаттықтырып, әр уақытта дайын болу керекпіз. Өйткені әр концерт сайын орындап жүрген шығармалардың қайсысы болмасын әркез жаңадан туғандай әсерде болғаны абзал,- дейді пионист.

         Ұлттық жоба жеңімпаздары бүгінде 80-нен астам жеке концертін берген. Негізінен Қазақстан, Ресей мен Италияның үздік сахналарында өнер көрсетіп жүр.

         - Көзім 100 пайызға көретін. 8 жасымда, маған ми ісігі - краниофаринггиома диагнозы қойылды. Дәрігелрер операция Мәскеуде ғана жасалатынын айтты. Кейін Н.Бурденконың институтына баруды ұйғардық. Операциядан кейін, оянғанда жанарымды жоғалтқанымды түсіндім. Ата-анам музыкамен айналысуды жалғатыра бересің деп шешті. Кейін ата-анам менімен үйде жұмыстанатын мұғалім тапты. Ұстазым ата-анама музыкада болашағым зор екенін айтты», - дейді Саида Калыкова.

         Саида Орал қаласының жалпы және музыкалық мектебін үздік бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетіне оқуға түседі. Кейін Флоренцияда «Болашақ» бағдарламасымен магистратураны оқып шығады.

         -Маған Италияда жұмыс ұсынды. Бірақ мен қалмадым. Өйткені Отанымды сағындым. Мен өз елімнің патриотымын. Бүгінде Астана қаласында жұмыс жасаймын. Ал Орал менің туған қалам. Сіздердің шақыртуларыңызбен Ақсайға алғаш келуім- деді музыкант.

         Бүгін Саида Каликова Астананың Мемлекеттік академиялық филармониясының солисі, жыл сайын дербес және шетелде жеке концертін береді. Шара барысында музыкант көрермендер қызықтырған сұрақтарға жауап берді, күйсандықта ойнап берді.

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале