17.10.2018, 12:45
Оқылды: 73

Бөрлілік жастар халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдерімен жүздесті

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Халықаралаық бағдарламалар орталығы» өкілдері Бөрлі жастарымен кездесті.

borli (1)

         Арнайы Астанадан келген меймандар аудан жастарына, мемлекеттік қызметкерлерге және жоғары оқу орны қызметкерлері мен оқушыларға шет елдерде қалай тегін білім алуға немесе «Болашақ» бағдарламасы арқылы қалай оқуға түсуге болатындығы туралы мағұлымат берді.

         «Болашақ» бағдарламасының құжаттар қабылдау бөлімінің менеджері Дина Омарованың айтуынша, биылдың өзінде 200-ден аса грант Венгрия еліне, 125 грант Қытай еліне бөлінген.

  • -Қазіргі таңда көптеген елдерге тегін гранттар бөлініп жатыр. Ол гранттар жөнінде жастар көп біле бермейді. Бұл жерде тегін оқу, тегін, степендия беріледі. Білім, ғылым іздеген жастарға толық ақпарат беру үшін біз келіп отырмыз. «Болашақ» бағдарласамы 1993 жылы Президенттің қауылысымен бекітілді. «Болашақ» бағдарламасы әр түрлі санатқа бөлінеді. Оған мемлекеттік, педагог-ғылыми, инженер-техникалық, шығармашылық қызметкерлер мен БАҚ саласы қызметкерлері тапсыра алады. Егер бұл санатқа жатпайтын үміткерлер болса, онда олар екі санат бойынша құжат тапсыра алады. Алғашқысы өз бетімен түскен санат не болмаса жалпы конкурс деп аталады. Бұл санаттар бойыншы, құжаттар көктемнің басынан тамыз айының аяғына дейін қабылданады, - деді Дина Омарова.

         Құжаттарды тапсыру үшін Астана қаласына бару міндетті емес. Биылдан бастап басқа қалада тұратын кез келген адам ХҚКО немесе egov  парталы арқылы құжаттарын тапсыра алады. Құжаттар қабылданғаннан кейін үміткер емтиханнан өтеді. Емтиханнан өткен соң қорытынды республикалық комиссияға жіберіледі. Сол жерден шешім қабылданады.

         Әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламасы бойынша білім алуға шақырған жиында бөрлілік жастар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

 

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале