23.10.2017, 18:58
Оқылды: 19

Бөрліліктер 171 жәдігерді тамашалады

«Туған жер» бағдарламасы аясында облыстық тарихи өлкетану музейі Бөрлі ауданына келді. «Ұлы дала құндылықтары» деп аталған жоба облысымыздағы барлық аудан орталықтарына барып, ерекше жәдігерлерімен таныстыруда.

Сармат ханшайымы, зергерлік бұйымдар коллекциясы жасақталған және суретші Сәкен Ғұмаровтың суреттері қойылған көрмеге келушілердің қарасы көп болды.

Көрмеге келушілер «Назқоңыр» фольклорлық ансамбілінің сүйемелдеуімен өңір әншілері мен «Ақ жаулықты әжелер» ансамбілінің тамаша әндерін тыңдады. Ал көрменің ашылу салтанатында облыстық тарихи өлкетану музейінің қызметкері Рысты Кажушева мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алпамыс Көшкінбев сөз алып, шараның маңыздылығын атап өтті.

Мағыналы көрмеде көрермен музейіндегі 171 жәдігерді тамашалап, жақын танысуға мүмкіндік алды. Аудан тұрғындары мен қонақтарына мәдени-рухани демалыс сыйлау, музейге келушілерді көптеп тарту, музей қорындағы туындыларды насихаттау мақсатында өткен шара күні бойы жалғасты.

Айым Нұрғалиева

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале