28.09.2017, 16:21
Оқылды: 25

Бөрліліктер «Дала дарындары» жастар шығармашылық фестивалінен жүлделі оралды

 

111_2648Бөрлі аудандық «Мұрагер» театрының тәрбиеленушісі Әсемгүл Ерғалиева және «Глобус» үйірмесінің жетекшісі Елдос Габдрахманов облыстық «Дала дарындары» жастар шығармашылық фестиваліне қатысып, жүлделі ІІ орынмен оралды.

Аталған фестиваль Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.

Фестивальдің шартына қарай әр өнерпаз түрлі жанрда бақтарын сынады. Оның ішінде вокал да, хореография да, халық музыкасы, әдеби шығарма да бар. Бөрлі ауданының атынан барып, бақтарын сынаған біреуі талантты актриса болса, екіншісі шебер ұйымдастырушы сатиралық жанр бойынша ІІ орыннан көрінді.

Әсемгүлдің бірінші шығармасы О.Әубәкіровтің «Әртіс бөлісу» сатиралық өлеңі болса, екінші шығармасы К.Әмірбековтің «Бум-бум» сатиралық әңгімесі. Ал Елдос Елемесұлы өзінің «Мен» деп аталатын шығармасын орындады.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaіkpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале