4.10.2017, 11:17
Оқылды: 27

Бөрліліктер республикалық спартакиададан жүлделі оралды

Атырау қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған  және көру қабілеті нашар спортшылар арасында өткен V республикалық спартакиадада Бөрлі ауданы спортшылары зор жетістікпен оралды.

«Сұңқар» спорт клубының жетекшісі Ербол Мерғалиев жаттықтыратын Малик Мукашев паратаэквондодан І орын иеленіп, республика чемпионы атанды. Ал Әсел Шакенова жеңіл атлетика бойынша 400 метрге жүгіруден І орын, 200 метрге жүгіру мен орнынан секіруден ІІ орын иеленді. Құрман Бисекенов паратаэквондодан және жеңіл атлетикадан 1,5 мың метрге жүгіруден ІІІ орынмен оралды. Спортшыларды жетістіктерімен құттықтаған аудан әкімі Алдияр Халелов алғыс хатпен марапаттап, шағын сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыруда, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығын, рухы мен жігерін шынықтыруда үлкен жұмыс атқарып жүрген Ербол Балгерейұлына да алғысын білдірді.

Бұл марапат соңында Алдияр Сансызбайұлы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы А.Идгеева мен аудандық электр желісінің бастығы Е.Қазмағамбетовқа "Ақсай қаласына 50 жыл" медалін табыстады.

Ясипа РАБАЕВА

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале