5.12.2019, 18:07
Оқылды: 33

Бөрліліктер тарихшымен кездесті

Ақсай қаласының №3 мектебінде М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Жаңабек Жақсығалиевпен кездесу өтті. Оған Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алпамыс Көшкінбаев пен білім беру бөлімінің басшысы Орынбасар Төлемісов және жоғары сыныпта оқитын ер балалар қатысты.

-Бүгінгі таңда ер адамның рөлі төмендеп тұрғаны байқалатыны рас. Бұл туралы түрлі орталарда әңгіме көтереліп келеді. Сондықтан сіз бен бізге қазақ қоғамындағы ердің рөлі, ер азаматың тәрбиесі, әке мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы әңгіме өрбіту үшін Жаңабек Жаңабайұлын шақырып отырымыз, - деп сөз бастаған аудан әкімнің орынбасары А.Көшкінбаев мейманға қош келдіңіз айтты.

Жаңабек Жақсығалиев қазақ баласына «От бол, от болмасаң, шоқ бол, шоқ болмасаң, жоқ бол» дегенді санасына ерте сіңіріп өсірген деп сөзін сабақтап, бала тәрбесі жөнінде тарихтан сыр шертіп, жырауларымыздың жырларынан мысал келтіре отырып, әдемі әңгіме  өрбітті. Лекцияда ұлттық кодымызды сақтап қалу, санамызды рухани байытып отыру туралы да айтылды. Оқушылар көкейіндегі сауалдарын жолдап, аудиториямен ашық диалог жүрді.

borli janabek (3)

 Бұдан соң Жаңабек Жаңабайұлы аудан әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, Отанға деген адалдық, елге деген мүлтіксіз қызмет турасында ой сабақтады. Қатысушылар да қалыс қалмай, пікірлерін ортаға салды.

borli janabek (4)

Мейрамбек Сыдықов

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале