4.06.2018, 15:34
Оқылды: 16

Бөрліліктер тәуелсіздік нышандарына құрмет көрсетті

Бүгін - Мемлекеттік рәміздер күні. Бөрлі ауданы жұтшылығы егемендіктің ең басты белгісі, тәуелсіздігіміздің нышандарына құрмет көрсетті.

Ел құндылығын дәріптеп, мерейін асқақтату мақсатында мекеме мен кәсіпорын қызметкерлері жұмыс күнін Қазақстан Республикасының гимнін орындаудан бастады. Шара кейін «Менің Қазақстаным» акциясымен жалғасты. Акция барысында автошеру ұйымдастырылды.

Ал өңірдегі спортшы жастар бес шақырым жолды велосипедпен жүріп өтті. Жастардың бойында патриоттық сезімді арттырған жорыққа елу оқушы қатысты. Ғ.Жәңгіров атындағы саябаққа табан тіреген шерушілер ауданның басты сахнасында өткен мерекелік шараға көрік берді. Шара аудандық демалу орталығы дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале