17.07.2018, 18:37
Оқылды: 57

Қазталов ауданының тағы бір ауылында музей ашылмақ

Ауылда музейге лайықты ғимарат та табылып отыр. Тек жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Бостандыққа ат басын тіреген Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков ұзақ жылдар басшылық қызметтер атқарған, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту ордені мен екі мәрте «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері Қабира Салыққызының ұлы Ғиният Салықовпен кездесті. Кездесу барысында Ғиният ағамыз Бостандық ауылынан ашылғалы жатқан тарихи-өлкетану музейіне анасының жеке кітапханасынан алынған 160 кітапты және апамыз қызмет атқарған жылдарды баяндайтын фотосуреттер топтамасын табыс етіп, аудан басшысымен бірге болшақ музей туралы әңгімелесті.

Әңгіме барысынан байқағанымыздай, Ғиният ағамыз да ұзақ жылдар құқық қорғау саласында үздік қызмет жасаған. Бүгінгі күнде зейнет жасындағы ағамыз Қабира Салыққызынан қалған мол мұраны музейге табыстауды жөн көріпті. Сонымен қатар ағамыз музейге керекті жабдықтау материалдармен бірге анасының бюстін де жасатып әкеліпті.

Осындай бастаманы көтеріп жатырған ағамызға ризашылығын білдірген Абат Абайұлы: "Қабира Салыққызы – ауданымыз бен облысымызға ғана емес еліміздің мақтанышы. Осындай белгілі тұлғаны бүгінгі ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз. Аудан орталығындағы музейден де апамызға арнап бұрыш ашуды жоспарлап отырмыз",- деді.

Сонымен қатар аудан әкімі музейге қажетті жөндеу жұмыстарын шешуді де қолға алатынын айта келіп, округ әкімі Манарбек Сүндетовке де біраз тапсырмалар жүктеді.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале